22:22, 04 Тамыз 2017 | GMT +5
Ертең Астанада шаңғы роллерінен жарыс өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 тамызда елордада Қалалық шаңғы роллері жолында (Орталық саябақта) шаңғы роллерінен жарыстар өтеді, деп қабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жарысқа Қазақстанның қазіргі уақытта жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спортшыларымен қатар жас және ардагер шаңғышылар қатысады.
Аталмыш Кубок «Қазақстан Шаңғы жарысының ұлттық федерациясы» ҚБ «Samruk Kazyna Trust» қоры, Астана әкімдігі мен «SKI CLUB ASTANA» шаңғы клубының қолдауымен ұйымдастырылғалы отыр.