Ертең Астанада шаңғы жарысы өтеді

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең, ақпанның 27-де ҚР Туризм және спорт министрлігі Астанадағы қалалық саябақтың шаңғы базасында шаңғы жарысын ұйымдастырады.
None
None

Бұл жарыс Қазақстан құрамасының Канаданың Ванкувер қаласында өтіп жатқан XXI қысқы олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсеткеніне және биатлоншыларымыз бен шаңғышыларымыздың табыстарына арналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы Жолдауында айтылған бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында ведомство басшылығы салауатты өмір салтын қалыптастыруда өздері бастап үлгі көрсетуді жөн санап отыр. Шаңғы жарысына министрліктің және оған бағынышты ұйымдардың барлық қызметкерлері қатысатын болады. Жарысқа қатысқысы келетін басқа да азаматтарға шаңғылар беріледі», делінген Туризм және спорт министрлігінің таратқан хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар