17:55, 23 Қараша 2011 | GMT +5
Ертең Астанада «Ұлттық дәрі-дәрмек саясаты. Оны дамыту болашағы» атты халықаралық конференция өтеді
АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - «Ертең Астанада «Ұлттық дәрі-дәрмек саясаты. Оны дамыту болашағы» атты халықаралық конференция өтеді»,-деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш шараға Денсаулық сақтау министрлігі мен кәсіби қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, бірыңғай дистрибьютерлер мен Ұлттық медициналық холдингтердің, мемлекеттік медициналық мекемелер мен медициналық және фармацевтика саласындағы ұжымдардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының аймақтық өкілдіктерінің қызметкерлері қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ шараға халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Жиында денсаулық сақтау саласында қалыптасқан жағдай мен оны оңалтудағы фармацевтиканың атқаратын рөлі мен оны дамыту мәселелері сөз болады деп күтілуде.