Ертең Астанада жаңа автобус бағдары іске қосылады
АСТАНА. KAZINFORM – Ертең, 24 ақпаннан бастап «Астанаинерт» – «№ 4 өрт сөндіру бөлімі» қатынасымен жаңа № 42 бағыт іске қосылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бағыт:
- «Агроқалашық» тұрғын алабында Оқжетпес, Қарбышев, Мұса Жалел, Ақан сері көшелеріне;
- Қараменде би Шакаұлы, Ш. Айтматов көшелеріне, «Шарын», «Мадрид» ТК;
- «Жағалау» шағынауданында Ш. Айтматов, Сығанақ көшелері, «Brussels», «Жағалау-3», «Құлагер», «Шығыс», «Sat city», «Зеленый квартал» тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді жақсартады. Оған қоса бұған дейін қоғамдық көлік жүрмеген Тұран даңғылының Ұлы дала даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі аралықта қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Сондай-ақ бағыт «ҚР ІІМ орталық госпиталі», «№2 қалалық көпсалалы аурухана», «№3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы», «ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы» ауруханаларына қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Тұран даңғылының Орынбор және Р.Бағланова көшелерінің арасы уақытша жабық болуына байланысты, бағдар Қабанбай батыр даңғылымен жүреді.