Ертең Астанаға Италия Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ертең Астанаға Италия Республикасының Министрлер кеңесі төрғасының орынбасары – Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таяни келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ертең Астанаға Италия Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары келеді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз-мәслихатында айтты.

«5 қыркүйекте Италия Республикасының Министрлер кеңесі төрғасының орынбасары – Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таянидің Астанаға ресми сапары өтеді. Сапар аясында оның ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловпен кездесуі және Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесулері жоспарланған. Түрлі салалардағы екіжақты Қазақстан-Италия ынтымақтастығының өзекті мәселері талқыланады деп жоспарланып отыр», - деді министрлік ресми өкілі.