Ертең астаналықтар симфониялық музыка жауһарын шеберлер орындауында тыңдайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Опера» театрының оркестрі 2 ақпанда Үлкен зал сахнасында көпке танымал «Симфоника» циклынан Симфониялық музыкадан концерт береді. Солисті - мәскеулік дарынды пианист, «Astana Piano Passion-2015» III халықаралық байқауының лауреаты Виктор Маслов. Дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, деп жазады Астана қаласы әкімдігінен.
Тыңдаушыларға симфониялық және аспапты музыканың жауһарлары: Д. Шостаковичтің №5 d-moll симфониясы, 47 шығармасы (1937) және П. Чайковскийдің оркестр мен фортепианоға арналған №1 b-moll концерті, 23 шығармасы ұсынылады.
- Д. Шостаковичтің симфониясында өте көп жұмбақ жатыр. Біз бұл құпияның сырын сәл ашып, композитордың өмірінен оның туындыларын түсінетіндей қызықты деректер туралы әңгімелейміз, - дейді маэстро.
Екінші бөлімде болашағы зор пианист өз өнерін ортаға салады. Виктор Маслов - ресейлік жас музыкант, Парижде, Анконада, Мәскеуде, Киевте өткен халықаралық конкурстардың жеңімпазы. 2015 жылы «Astana Piano Passion-2015» конкурсында екінші сыйлық пен екі арнайы жүлдені иеленген.
Музыкант П. Чайковскийдің оркестр мен фортепианоға арналған №1 b-moll концерті, 23 шығармасын орындайды.
Концерттің басталуы - сағат 19:00.