Ертең Астананың кейбір аудандарында жарық сөндіріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Астананың кейбір аудандарында электр энергиясын жоспарлы өшіру жүргізіледі. Бұл туралы «Астана-РЭК» АҚ хабарлады, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайтында.
Атап айтқанда, келесі мекенжайлар бойынша электр энергиясын беру тоқтатылады: Сейфуллин к-сі 23, Жангельдин к-сі 25, Мүсірепов к-сі 2/2, Тамшалы к-сі, Төлеубаев тұйық к-сі 2, Ашхабад к-сі, Ағыбай батыр к-сі 1, 3, 5, 2, 4, Иманов к-сі 2,4. Таратылған хабарламаға сәйкес, ыңғайсыздықтар тудырмас үшін жарықты өшіру тұрғындардың басым бөлігі жұмыста болған уақытта сағат 10.00-18.00 жүргізіледі.