Ертең Атырауда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында төртінші турдың ойындары басталады

ОРАЛ. Ақпанның 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ертең Атырауда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты төртінші турының ойындары басталады,

Ертең Атырауда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында төртінші турдың ойындары басталады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Үш турдан кейін «Алматы» 23 ұпаймен көш бастаса, одан бір-ақ ұпайы кем «Атырау» екінші, 17 ұпайды еншілеген «Қазхром» (Хромтау) үшінші орында келеді. Ал Оралдың «Конденсаты» 14 ұпаймен Петропавлдың «Есілімен» төртінші, бесінші орындарды бөлісіп тұр. Атыраудағы тур ақпанның 14-іне дейін созылмақ. Одан кейінгі бесінші тур ойындары наурыздың 5-11-інде Оралда өтеді. Биылғы чемпионат ережесі бойынша алдыңғы төрт орынды алған командалар плей-офф сындарына қатысады.