Ертең Әзірбайжан астанасы Бакуде бокстан әлем чемпионаты басталады

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - АИБА басшылығының хабарлауынша, әлем чемпионатына қатысу үшін 127 елдің 685 былғары қолғап шеберлері өтініш берген.
None
None

Қазіргі уақытта Әзірбайжанға Қазақстан, Кения, Уганда, Куба, Мексика, АҚШ, Қытай, Тәжікстан, Үндістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Болгария, Грузия, Германия, Венгрия, Ирландия, Польша, Ресей, Түркия, Украина, Беларусь және Австрия боксшылары келді.

Гейдар Әлиев атындағы спорт-көрме кешенінде 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтетін байрақты бәсеке барысында Лондон олимпиадасының лицензиялары сарапқа салынады. Чемпионаттың салтанатты ашылуы 25 қыркүйекке жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 22 қыркүйек күні бокстан Қазақстан құрамасы Бакуге аттанып кеткен болатын. Әлем чемпионатына қатысатын команда құрамын ұлттық құраманың бапкерлер кеңесі айқындады. Қазақстандық спортшылар 9 салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайды. Атап айтқанда, Біржан Жақыпов (49 келі), Олжас Сәттібаев (52), Ғани Жайлауов (60), Данияр Елеусінов (64), Серік Сәпиев (69), Данабек Сужанов (75), Әділбек Ниязымбетов (81), Василий Левит (91), Иван Дычко (+91) шаршы алаңға көтеріледі.

Естеріңізге сала кетейік, 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қанат Әбутәліпов 27-28 мамыр күндері Қытайдың Гуйжоу қаласында өткен Бүкіләлемдік бокс сериясының жекелей чемпионатында жеңімпаз атанып, Бүкіләлемдік бокс сериясы рейтингіндегі ең үздік боксшы деп танылған болатын. Сөйтіп, ол Лондон Олимпиадасының жолдамасын иеленген-ді.

Соңғы жаңалықтар