Ертең Бейбітшілік және келісім сарайында Әбіш Кекілбайұлының «Ханша-Дария хикаясы» қойылымы сахналанады
АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат - Ертең, ақпанның 10-ы күні, (сағат 18-30) Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының «Ханша-Дария хикаясы» қойылымы сахналанады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ә. Кекілбайұлының бұл шығармасы жарты әлемді жаулап алған, өзінің қолбасшылық және әміршілдік істерімен тарихта қалған Шыңғысханның өмірінен сыр шертеді. Жазушы әміршінің адами қасиеттерін көрсеткен.
Бұл туындыны Астана қаласындағы «Жас көрермендер театры» сахнаға шығарып отыр. Қоюшы режиссері - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Нұрқанат Жақыпбай.