Ертең бірқатар өңірде 40 градус ыстық болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең бірқатар өңірде аптап ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ертең бірқатар өңірде 40 градус ыстық болады

Синоптиктердің болжауынша, 20 шілдеде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-44 градус қатты ыстық сақталады.

Ертең Шымкент қаласында күндіз 40⁰С қатты ыстық сақталады.

Сол күні Түркістан қаласында 42-44⁰С қатты ыстық сақталады.

20 шілдеде Қостанай облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде 38 градус қатты ыстық, оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші кей жерлерде 18 м/с күтіледі.