Ертең бірқатар солтүстік аймақтарда қар жауады: 9 өңірде ескерту жарияланды
Күндіз 27 қыркүйекте Қостанай облысында және облыс орталығында шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді.
28 қыркүйек түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.
Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел қарқыны 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде 23-28 м/с дейін күшейеді.
28 қыркүйек күндіз Петропавл қаласында жаңбыр мен қар жауады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел жылдамдығы 23-28 м/с шамасында болады.
27 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында солүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.
28 қыркүйек күндіз Қарағанды облысының батысында қатты жаңбыр жауады.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында және орталығында жел қарқыны 15-20 м/с болады.
28 қыркүйек түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде тұман түседі.
28 қыркүйек түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі .
Облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
28 қыркүйекте Ақмола облысының басым бөлігінде және Көкшетау қаласында жауын-шашын жауады, жаңбырдың арты қарға ұласады.
К үндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады.
Облыстың солтүстік-шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 23 м/с жетеді.
28 қыркүйек түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды.
Оңтүстік-батыстан және батыстан күшті жел соғады. Облыстың орталығында жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады.
28 қыркүйек түнде Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын жауады (жаңбыр қарға ұласады), күндіз қатты жаңбыр жауады.