Ертең бокстан ересектер арасында әлем біріншілігі басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ертең, яғни 25 тамыз күні, Германияның Гамбург қаласында бокстан ересектер арасында әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

2 қыркүйек аралығына дейін созылатын додаға Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов 10 боксшыны үміт артып алып кетті.
Олар -  49 келі салмақта Ержан Жомарт, 52 келі салмақта Азамат Исақұлов, 56 келі салмақта Қайрат Ералиев, 60 келіде Әділет
Құрметов, 64 келіде Бекдәулет Ибрагимов, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Әбілхан Аманқұл, 81 келіде Ерік Әлжанов, 91 келіде Василий Левит және аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғайды.

Соңғы жаңалықтар