Ертең депутаттар жаппай қалалық сенбілікке шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Мәжіліс депутаттары жаппай қалалық сенбілікке қатысады.

Ертең депутаттар жаппай қалалық сенбілікке шығады

24 қыркүйек күні елордада «Астана - таза қала!» атты жалпықалалық сенбілік өтеді.

Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, парламентарийлер мен мемлекеттік қызметкерлер Еңбекшілер көшесінен бастап «Нұра» каналына дейінгі Керей мен Жәнібек хандары көшесін көгалдандырып, абаттандыратын болады.