Ертең елдің екі өңірінде күн 38 градусқа дейін ысиды - Қазгидромет

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - 5 маусым күні Қазақстанның екі облысында күн 38 градусқа дейін ысиды, ескертуді Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі таратты.

Ертең елдің екі өңірінде күн 38 градусқа дейін ысиды - Қазгидромет

Құтқарушылардың ақпаратынша, 5-6 маусым күндері күндіз Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы +31+36°С дейін көтеріледі.

5 маусым күні күндіз Жамбыл облысында кейбір жерлерде температура бағамы  +33 +38 градусты көрсетеді.