Ертең елімізде ауа райы қандай болады – Қазгидромет болжамы
«Қазгидромет» РМК-сы 9-қазандағы күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» болжамына қараағанда, ертең еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады.
«Еліміздің батысында нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, елдің солтүстік-батысында және шығысында тұман түседі»,-делінген хабарламада.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары мен елдің орталығында, Атырау облысының солтүстік-шығысында өрт қаупі сақталады.