19:16, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Ертең елордада «Бұрқасын-2009» дәстүрлі спорт мерекесі өтеді
АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ертең, ақпанның 21-і күні елордада шаңғы спортынан «Бұрқасын-2009» дәстүрлі спорт мерекесі өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл шараға Астана қаласы мен еліміздің аймақтарынан және шет мемлекеттерден спортшылар қатысады деп күтілуде. Бәсеке 5 түрлі жас аралығындағы топтар бойынша өтеді. Жарысқа сонымен қатар спорт ардагерлері де қатысып, олар ерлер арасында - 10, әйелдер арасында 5 шақырым қашықтықта жүгіріп, өзара бақ сынасады. Ал жеңімпаздарды құнды сыйлықтар күтіп тұр.