Ертең елордада Қазақстанның халық жазушысы, ақын Фариза Оңғарсынованың мерейтойлық шығармашылық кеш өтеді

АСТАНА. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ертең елордадағы Конгресс-Холл сарайында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Фариза Оңғарсынованың 70 жылдық мерейтойына орай шығармашылық кеш өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәдени шара барысында ақынның өлеңдерімен қатар оның достары мен әріптестерінің жырлары оқылады. Сондай-ақ шығармашылық кеш аясында Сүлеймен Ибрагимов, Сембек Жұмағалиев, Тамара Асар, Кенжеғали Мыржықбаев, Елена Әбдіхалықова сынды белгілі қазақстандық орындаушылар өнер көрсетеді.

Фариза Оңғарсынованың поэзиясында адами қарым-қатынастар мен махаббатқа адалдық, ұлы достық пен даналық ойлар қамтылған. Ақынның жырларынан қазіргі заманның шынайы бет-бейнесін көру де қиын емес. Оның өмірбаяны да өз өлеңдерімен өрнектеліп, шығармашылығы - қазіргі қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алды.

Мәжіліс депутаты болған Фариза Оңғарсынованың қоғамда үлкен қайраткерлік орны бар. Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін ол «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталып, жоғары дәрежелі «Қазақстанның халық жазушысы» деген құрметке ие болды.

Соңғы жаңалықтар