Ертең елордада «KazEnergy» қауымдастығы кубогы үшін пікірсайыс турнирі өтеді
АСТАНА. Қыркүйектің 19-ы. ҚазАқпарат - Ертең, жексенбі күні елордадағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Қазақстанның орта және жоғары оқу орындары командалалары арасында «KazEnergy» қауымдастығы кубогы» үшін пікірсайыс турнирі басталады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Республикалық пікірсайысшылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған шара энергетика саласына қатысты өзекті проблемалық жағдайларды жария ашық талқылау арқылы студенттердің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін жоғарлатуға бағытталған.
Турнирді «Шешен» интеллектуалдық пікірсайыс клубының көмегімен «KazEnergy» Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдары қауымдастығы, «Республикалық пікірсайысшылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қоры ұйымдастырып отыр.