Ертең елордада «Made in Аstana» көрмесі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 қыркүйекте астаналық 26 жас суретші өздерінің үздік туындыларын «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығында «Made in Аstana» көрмесінде көпшілік назарына ұсынатын болады.
Жоба 6 жылдан бері іске асырылып келеді. Оған еліміздің жас суретшілері қатысады. Бұл жолы көрмеге жас таланттардың 70-ден астам еңбегі қойылады, оның ішінде көркемсурет, графика, фотосурет пен үшөлшемді инсталляция, Ұлы Отан соғысына арналған туындылар да бар. Көрмеге Қазақ Ұлттық Өнер университетінің түлектері мен тәуелсіз суретшілер қатысады, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.