Ертең елордада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 23 мамырда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қорытындысы бойынша салтанатты шара өтеді.

Ертең елордада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталады

Үш кезеңмен аудандық, облыстық және республикалық деңгейде ұйымдастырлыған ұлттық байқаудың ережелеріне сәйкес 2014 жылғы 1-30 сәуір аралығында Астана тұрғындарынан байқауға қатысуға өтініштер қабылданды. Аталған кезеңде қалалық әкімдікке 44 отбасыдан өтініш келіп түскен, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында. Кандидаттардың ішінде түрлі салада жұмыс істейтін мамандар да көп. Атап айтқанда, 12 мұғалімдер отбасы, 4 дәрігерлер, 2 теміржолшылар, 2 спортшылар, 2 мәдениет өкілдерінің отбасы, 2 журналистер, 13 жеке кәсіпкерлер о тбасылары, 2 оралмандар, 5 зейнеткерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен басқа да салаларда еңбек ететін мамандардың отбасылары бар.

Комиссия отырысында байқауға қатысуға өтініш берген барлық отбасылардың құжаттары қаралды. «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы бойынша үздік отбасыларды марапаттау рәсімі ертең, 23 мамырда сағат 16.00-де «Қазмедиа орталығында» өтеді.