Ертең эстафеталық сынға түсетін жігіттерге сәттілік тілеймін - Елена Хрусталева
Бірақ командаластарымының жеңісіне үмітім зо, - дейді 7-Қысқы Азия ойындарының чемпионы Елена Хрусталева. Бүгін Солдат сайдағы шаңғы-биатлон стадионында әйелдер арасында 4х6 шақырымдық эстафеталық жарыста Марина Лебедова, Олга Полторанина және Инна Можевитинамен бірге ол биатлоннан құрама қоржынына төртінші алтын медаль салған болатын.
«Қысқы Азия ойындарына біз ұзақ бойы уақыт тыңғылықты дайындық жасадық. Бұған дейінгі сындардан айтарлықтай жоғары деңгейде өткен бұл дүбірлі додада еңбегіміз ақталды. Биатлоншылар құрама қоржынына қазірдің өзінде 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль қостық», - дейді Елена Хрусталева. Оның айтуынша, кешегі 15 шақырымдық жекелей сынға қарағанда эстафета біршама жеңіл болған. Оған командалас құрбыларының эстафетаны өзге қарсыластарынан біршама ерте табыс етуі өз септігін тигізген. Соның арқасында шепке еш алаңсыз жеткен. Бұл нысананы дәл көздеуге өз көмегін тигізді. Ал кеше жарыстың соңына дейін күресуге мәжбүр болған.
«Азия ойындарындағы нәтижеме көңілім толады. Бұл жарыстан кейін аздап демалған соң дайындыққа қайта кірісемін. Алда - Әлем чемпионаты. Әзірге бұл бәсекедегі өз мақсатым туралы еш нәрсе айтқым келмейді», - дейді Ванкувердегі қысқы Олимпиаданың күміс жүлдегері Елена Хрусталева.