Ертең - Фашистік концлагерлер тұтқындарын босатудың халықаралық күні
АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - Ертең - Фашистік концлагерлер тұтқындарын босатудың халықаралық күні.
1945 жылғы сәуірдің 11-інде Бухенвальд концлагерінің астыртын комитеті қарулы көтеріліс ұйымдастырып, тұтқындар азаттық алды. Сол кезден бастап барлық елде Фашистік концлагерлердегі тұтқындарды босатудың халықаралық күні атап өтіледі.