Ертең - Қан донорларының дүниежүзілік күні
АСТАНА. Маусымның 13-і. ҚазАқпарат - Ертең - Қан донорларының дүниежүзілік күні.
Денсаулық сақтаудың Бүкіләлемдік ұйымының, Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Халықаралық ұйымдарының, Қан донорлары Халықаралық федерациясы мен Қан құю Халықаралық ұйымының бастамасымен Қан донорының бүкіләлемдік күні 2004 жылдан бері аталып келеді. Бұл күн әлемнің 192 елінде аталады. Адам өмірін сақтап қалу үшін әлемде жыл сайын 35 мың литр қан өткізіледі екен. Бүгінгі таңда әлемнің 49 елінде қанды өз еркімен берушілер жүз пайызға артқан. .