11:43, 03 Қазан 2012 | GMT +5
Ертең қар жаууы ықтимал - «Қазгидромет» РМК
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Алғашқы қар ертең түсуі мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпаратқа «Қазгидромет» РМК-ның жетекші инженер-синоптигі Гүлмира Әкішева хабарлады.

«4-5 қазанда еліміздің солтүстік өңірлерінде, Шығыс Қазақстан облысында және Алматы облысының таулы аудандарында алғашқы қардың түсуі ықтимал. Алайда бұл қар тез еріп кететін болады»,-деді ол.
Г. Әкішеваның сөзіне қарағанда, ауа райының ұзақ мерзімді болжамы бойынша қараша айы жылы болады деп күтілуде. Ал қыстың түсуі қарашаның екінші жартысына тиесілі болмақ.
«Қаңтар айы суық болады деп күтілуде. Ал ақпан және наурызда ауа райы қалыпты деңгейде байқалмақ. Яғни осы қыс 2010 және 2011 жылдардағы қысқа ұқсас болады»,-деп түйіндеді ол.