Ертең - Қара теңіздің халықаралық күні
АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат - Ертең, қазанның 31-і күні Қара теңіздің халықаралық күні аталып өтіледі. 1996 жылы Қара теңіз жағалауындағы алты ел - Болгария, Румыния, Түркия, Грузия, Ресей және Украина Қара теңізді қорғау және оңалтау жөніндегі Стратегиялық әрекет жоспарына қол қойды.
Бұл жоспар теңіз жағдайы жан-жақты зерттеліп, соңғы отыз жылмен салыстырғанда теңіз ортасының өмір сүру маңыздылығы төмендегені анықталған соң дайындалды.