12:05, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
Ертең ҚазАқпарат ХАА-да Қазақстан мен Қытай тұрғындары үшін интернет-викторина басталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің сайтында ертең, 18 наурыз күні сайттың үш тілдік нұсқасында Қазақстан мен Қытай туралы «100 сұрақ-100 жауап» интернет-викторинасы басталады.
![None None](/static/img/plug.webp)
Байқау 2014 жылдың 18 сәуіріне дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында жауаптың төрт нұсқасы бар Қытай туралы 100 сұрақ қазақстандық оқырмандарға ұсынылса, дәл сонша сұрақ Қазақстан туралы қытайлық оқырмандарға беріледі. Ол үшін қатысушыларға inform.kz сайтына тіркелу қажет. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Марапаттау рәсімі 19 сәуір күні ҚазАқпарат ғимаратында және Қытайдағы Қазақстан елшілігінде өтеді. Викторинаның ережелері агенттіктің сайтында жарияланды. Еске сала кетейік, 14 наурызда ҚазАқпарат сайтының қытай тіліндегі нұсқасы жарық көрді, соның аясында осы байқау өткізілгелі отыр.