Ертең Қазақстан-Қытай шекарасында автобекеттер жұмыс істемейді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 6 шілдеде Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктілері жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ертең Қазақстан-Қытай шекарасында автобекеттер жұмыс істемейді

«Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Астана күні мерекесіне байланысты 6 шілдеде Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктілерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүргізілмейтінін хабарлайды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген ресми мәлімдемеде.