Ертең Қазақстанда Халықаралық биоәртүрлілік жылы ашылады

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең Қазақстанда Халықаралық биоәртүрлілік жылы ашылады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жылды мамырдың 28-і күні Астанада ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен БҰҰ-ның Даму бағдарламасы ресми түрде ашатын болады. Ашылу рәсімі министр Нұрғали Әшімовтің және БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Стелиан Нидер ханымның қатысуымен өтетін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің алқа мәжілісінің аясында өтеді.

Айта кетейік, 2006 жылғы желтоқсанның 20-да БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 2010 жылды Халықаралық биоәртүрлілік жылы деп жариялаған болатын. Осылайша, БҰҰ ғаламшардың табиғатын қорғау және тиімді пайдалану қажеттілігіне; оның экологиялық жүйесін сақтау ісінде күш-жігерді біріктіруге және табиғаттың аса құнды обьектілерін қорғауға назар аудартып отыр. Биыл әлемдегі елдердің көпшілігі Халықаралық биоәртүрлілік жылын атап өтуге қосылып отыр.

Соңғы жаңалықтар