Ертең қазақстандық 4 боксшы АҚШ-та жекпе-жекке шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 маусым, жексенбі күні таңертең Миннеаполис (АҚШ) қаласында төрт қазақстандық боксшы - Бек Нұрмағанбет (6-0, 4 КО), Евгений Павлов (6-0, 4 КО), Абылайхан Жүсіпов (1-0, 0 КО) және Әбілхан Аманқұл дебюттік айқас өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Бокс кешінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 07:00-де басталады.

Бек Нұрмағанбет америкалық Хайнелл Уилермен (7-1, 6 КО) кездеседі. Суперорта салмақтағы бұл жекпе-жек алты раундқа есептелген.

Нұрмағанбет - кәсіпқой бокста WBA International чемпионы.

Евгений Павлов мексикалық Алексис Салидомен (2-2, 1 КО) айқас өткізеді. Кездесу алты раундқа жоспарланған.

Павлов та WBA International чемпионы (екінші жеңіл салмақтағы).

Абылайхан Жүсіпов кәсіби мансабындағы екінші айқасында тәжірибелі мексикалық Эдгар Рамиреспен (18-20-1, 14 КО) жұдырықтасады.

Жекпе-жек жартылай орта салмақта төрт раундтық форматта өтеді. Жүсіпов әуесқой бокста екі рет Қазақстан чемпионы атанған, сондай-ақ үш рет әлем чемпионатының «қоласын» жеңіп алды.

Әбілхан Аманқұл кәсіби рингте дебюттік айқасын өткізеді: ол америкалық боксшы Девонте Макдональдпен (1-0, 1 КО) айқасады.

Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған. Аманқұл әуесқой бокста үш рет Қазақстан чемпионатын жеңіп алды, сондай-ақ әлем чемпионатында «күміс» жүлдеге ие.


Соңғы жаңалықтар