Ертең Қазақстанға қысқа мерзімге ТМД миссиясынан байқаушылар тобы келеді - О. Кулеба

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Қазақстанға қысқа мерзімге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы миссиясынан байқаушылар тобы келеді. Бұл туралы бүгін ҚР ОСК брифингінде ТМД атынан келген байқаушылар штабы басшысының орынбасары Олег Кулеба мәлім етті.

«Ертең қысқа мерзімге байқаушылар келе бастайды. Аккредитациялық куәлікті алғаннан кейін олар Қазақстанның өңірлеріне жол тартады. Біз Қазақстанның барлық аймақтарына барамыз, бұл сайлаудағы толық картинаны бағамдауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, ұзақмерзімді бақылаушылар сайлау алдында болып жатқан оқиғалар мен үдерістерге жіті мониторинг жасап келеді. Қазіргі уақытта олар күнделікті сайлау органдарының басшылықтарымен кездесулер өткізуде.

«Ол кездесулерде сайлау процесіне қатысып жатқан тұлғалардан келіп түскен шағымдар мен өтініштер талқыланады», - деді О. Кулеба.

Соңғы жаңалықтар