Ертең Қазақстанның бірқатар өңірлерінде күн суытады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 30 мамыр, жұма күні күн суытады деп күтілуде. Бұл туралы елордалық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ертең Қазақстанның бірқатар өңірлерінде күн суытады

«Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйенсек, Астана қаласында 2014 жылғы 30 мамырда 0-2 градусқа дейін суытады деп күтілуде», - делінген ТЖД хабарламасында.

Қазақстан аумағына баяулап жеткен суық атмосфералық ағындар Қазақстанның барлық аумағына әсер етіп, жауын-шашын болады, шығыс облыстарда 30 және 31 мамырда түнде жауған жауынның арты жылбысқы қарға ұласуы мүмкін. «Суық антициклон Қазақстанның солтүстік бөлігіне арктикалық ауа әкеліп, жер-жерлерде түнгі температура 0-5 градусқа жетуі мүмкін. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста мамырдың соңғы күндері жаңбыр жауып, күн күркіреп, артынша бұршаққа ұласуы ықтимал, желдің күші 18-25 м/с-қа жетеді, күндізгі температура 17-27 градусқа дейін жылы болады», - делінген хабарламада.