Ертең ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы төрағасының орынбасары Қазақстанға келеді
АСТАНА. KAZINFORM – 23-27 қаңтарда ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы төрағасының орынбасары Хао Минцзиннің Қазақстанға сапары өтеді.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.
— 23-27 қаңтарда ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы төрағасының орынбасары Хао Минцзин Қазақстанға келеді. Сапар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған. Оның аясында ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары Мәулен Әшімбаевпен және Ерлан Қошановпен келіссөз, Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Раумен, Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Роман Склярмен, сондай-ақ Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиевпен кездесуі жоспарланған, — деді СІМ ресми өкілі.