Ертең - Көлік және байланыс қызметкерлері күні
АСТАНА. Тамыздың 1-і. ҚазАқпарат - Ертең - Көлік және байланыс қызметкерлері күні.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес, бұл атаулы күн жыл сайын тамыздың бірінші жексенбісінде атап өтіледі.
Ертең сондай-ақ, Теміржолшылар күні. Бұл мереке де тамыз айының бірінші жексенбісінде ТМД аймағында аталып өтіледі.