Ертең ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы өтеді

ТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, 22 қыркүйекте, сағат 10.00-да Қ азақстан Республикасы парламенті Сенатының жалпы отырысы өтеді, деп хабарлады Парламенттің жоғарғы палатасының баспасөз қызметі.
None
None

Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібінде мына мәселелерді қарау жоспарланып отыр:

1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы.

2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға толықтыру енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы.

3. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы.

4. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (екінші оқылым).

Соңғы жаңалықтар