Ертең ҚР Президенті тұңғыш мемлекеттік сапармен Индонезия Республикасына аттанады

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - 12-14 сәуірде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасына тұңғыш мемлекеттік сапары өтеді.

Ертең ҚР Президенті тұңғыш мемлекеттік сапармен Индонезия Республикасына аттанады

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Жоғары деңгейдегі Қазақстан-Индонезия ынтымақтастығын дамытуға бағытталған сапар аясында Мемлекет Басшысының Индонезия Президенті Сусило Бамбанг Юдхойономен, Экономика мәселелері бойынша мемлекеттік үйлестірушісімен, Парламент төрағасымен және іскерлік топ өкілдерімен кездесулері жоспарланған.

«Келіссөздер барысында Қазақстан-Индонезия бағыты бойынша екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері, оның болашағы мен аймақтық және халықаралық тақырыптары талқыланады. Олардың қатарында Қазақстанның ИЫҰ-ға төрағалығының басты басымдықтары бар. Сонымен қатар Елбасының мемлекеттік сапары барысында екі мемлекеттің іскер топтарының қатысуымен бизнес-форум өткізу жоспарланып отыр», - деп атап өтті А. Әбибуллаев.