14:43, 23 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Ертең Мәжіліс депутаттары жалпықалалық сенбілікке шығады
АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Палата Аппаратындағы мемлекеттік қызметкерлер жалпықалалық сенбілікке шығады.

Бұл жайлы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.
Биылғы сенбілікте парламентшілер әдеттегідей қала аумағын көгалдандырумен айналысады. Мәжіліс депутаттары Орынбор көшесіндегі учаскеде еңбек етеді.
Еске сала кетсек, жас астанамызда көктем мен күзде жылына екі мәрте сенбілік өткізіліп тұрады. Осы бір жақсы дәстүр бойынша депутаттар отырғызған талдар бүгінде қалаға сән беріп тұр.