Ертең Мәжілістің бесінші сессиядағы алғашқы отырысы өтеді

ТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа сессиядағы алғашқы отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚР Парламентінің баспасөз қызметі.

Ертең Мәжілістің бесінші сессиядағы алғашқы отырысы өтеді

Мәжіліс депутаттары Палата Бюросы ұсынған күн тәртібіне сәйкес мәселелерді талқыға салады.

Күн тәртібі негізінен Үкіметтен Мәжіліске келіп түскен жаңа заң жобаларынан тұрады. Оның ішінде «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мәселелері қаралады.

Сонымен қатар халықаралық құжаттарды бекітуді көздейтін заң жобалары бар. Сондай-ақ мемлекеттік құқықтық статистикаға қатысты, мүдделік қолдау қызметі туралы заң жобалары күн тәртібіне енгізілген.