Ертең - Мәжілістің жалпы отырысы өтеді
АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Наурыздың 17-сі күні Мәжілістің жалпы отырысы өтеді. Онда «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқыға салынады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сонымен қатар «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» және соған сәйкес бірқатар заңдарға енгізілетін толықтыруларды қарастыратын заң жобалары бойынша Мәжіліс пен Сенат арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстары депутаттар талқысына ұсынылып отыр.
Тұтынушылардың құқығын қорғауға қатысты заң жобасы бойынша қос Палата арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсынысы да қаралады.