Ертең Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Ертең, 2 қараша күні, Мәжілістің жалпы отырысы өтеді, , деп хабарлайды Мәжілістің Баспасөз қызметі.

Ертең Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

Күн тәртібіне сәйкес депутаттардың талқысына «Мәдени құндылықтарды заңсыз әкелуге, әкетуге және оларға меншік құқығын беруге тыйым салу мен олардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы ұсынылады. Сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» заң жобасы талқыға салынады.

«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» заң жобасы да күн тәртібіне ұсынылған.

Сонымен қатар Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімдерін бекіту туралы, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары қаралады.

Жалпы отырыстың күн тәртібіне басқа да мәселелер енгізілген.