Ертең «МузАРТ LIVE» тележобасына іріктеу басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең «МузАРТ LIVE» ұлттық музыкалық тележобасына іріктеу басталады және ол тек қазақ тілінде өткізілмек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында жоба продюсерi, танымал отандық композитор Ринат Гайсин мәлiм етті.

 Ертең «МузАРТ LIVE» тележобасына іріктеу басталады

Оның сөзіне қарағанда, «МузАРТ LIVE» жобасына тек жiгiттер қатыса алады.

«МузАРТ LIVE» жобасы үш кезеңнен тұратын болады. Бiрiншi кезеңде - 15 наурыздан 15 сәуiр аралығында онлайн-кастинг өткiзiледi. Екiншi кезең - ол МузАРТ тобының қатысуымен аймақтық iрiктеу және ол 10 мамырдан 25 мамыр аралығында өтедi. Аймақтық iрiктеу Астана, Алматы, Атырау, Семей, Шымкент қалаларында өткізіледі. Үшiншi кезең - iрiктелген 60 үмiткердiң қатысуымен өтетiн телевизиялық жоба. Айта кету керек, жобаға тек жiгiттер қатысады және жоба барысында тек қазақ тiлiндегi әндер орындалады», - деп атап өтті Р.Гайсин.

Оның сөзіне қарағанда, ұлттық музыкалық тележобаның ІІІ-кезеңі үміткерлерге телетүсірілімге қатысу мүмкіндігін береді. Онда үміткерлер стиль, имидж, репертуар, хореография саласы бойынша ұйымдастыру комитетінен кеңес алады. Ақтық сында бар-жоғы 6 адам бағын сынайды.