Ертең өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді - Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM- 16 қыркүйекте Қазақстанның 16 облысы мен Астанада ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
16 қыркүйекте Астанада өрт қаупі жоғары.
Ақмола облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні 15–18 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында және орталығында өрт шығу қаупі жоғары.
Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Ұлытау облысында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Қарағанды облысында өрт шығу қаупі жоғары, облыстың батысында бұл қауіп төтенше деңгейде болады.
Ақтөбе облысында оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.
Алматы облысының тау бөктері мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыс бойынша өрт шығу қаупі төтенше деңгейде, оңтүстігінде жоғары деңгейде сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан жел күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Түркістан облысының батысында шаңды дауыл соғады. Облыстың батысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында өрт шығу қаупі жоғары, солтүстік-шығысында төтенше деңгейде сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15–20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында осындай жағдай қалыптасады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың шығысы мен орталығында 15–20 м/с-қа жетеді. Облыста өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-шығысында өрт шығу қаупі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с-қа жетеді. Облыста өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Күндіз Абай облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с-қа жетеді. Облыста өрт шығу қаупі жоғары деңгейде, оңтүстігінде төтенше деңгейде сақталады.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа, кей уақыттарда 23–28 м/с-қа жетеді.
Айта кетейік, кеше кеспублика бойынша 3 орман өрті тіркелді.