Ертең отандық телеиндустрияның үздіктерін марапаттау рәсімі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 желтоқсанда «Қазақстан» РТРК» АҚ 2013/2014 телевизиялық маусымының «Жыл таңдауы» конкурсының жеңімпаздары аталады. Лауреаттарды салтанатты марапаттау рәсімі Астанада «Хилтон» Отелінде өтеді.
«ТНС Централ Азия» компаниясының зерттеуі негізінде 17 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды: «Үздік актриса», «Үздік актер», «Үздік телехикая», «Телехикаяға арналған үздік телехикая», «Үздік тележүргізуші», «Үздік портреттік-публицистикалық деректi фильм», «Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама», «Үздік қоғамдық-саяси, әлеуметтік бағыттағы ток-шоу», «Үздік мәдени-тарихи бағдарлама», «Үздік әлеуметтік-маңызды жоба», «Үздік қоғамдық-танымды бағдарлама», «Үздік музыкалық ойын-сауық бағдарламасы», «Үздік кешкі жоба», «Үздік бейнеролик», «Үздік радио жоба», «Үздік спорт комментаторы», «Балаларға арналған үздік бағдарлама».
Бұл туралы «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметінен хабарлады.