Ертең Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Депутаттар бірінші кезекте лауазым иелеріне сауалдар жолдайды деп күтілуде.
Жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев баяндама жасайды.
Сол секілді «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Парламенттің Мәжілісі мен Сенаты арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстары туралы мәселе күн тәртібіне шығарылмақ.
Сонымен қатар күн тәртібі жобасына басқа да заң жобалары енгізілген.