Ертең республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - Қазгидромет
АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, жел күшейеді, боран соғады, кей жерлерде көктайғақ болады, тұман түседі, тек республиканың шеткері оңтүстік-шығысында және батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Павлодар облысында түнде 17-22 м/с жел соғады деп күтілуде, кей жерлерде қатты боран соғып, жел екпіні 25 м/с болады, күндіз кей жерлерде боран соғып, 15-20 м/с жел соғады.
Ақмола облысында боран соғады деп күтілуде, түнде 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 25 м/с болады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады. Қарағанды облысында түнде боран соғады деп күтілуде, 15-20 м/с жел соғады, жел екпіні 25 м/с болады, күндіз кей жерлерде боран соғады, көктайғақ болады, 17-22 м/с жел соғады. Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран соғып, жел 15-22 м/с-ке күшейеді.
Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында боран соғады, тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады. Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, көктайғақ болады, күндіз Атырау облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, таңертең және күндіз 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін барады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Жақын тәуліктерде Қазақстанның сулы нысандарында мұз қалыптасу үрдісі жалғасады, жекелеген өзендерде су деңгейі көтеріледі, сең қалыптасады.