Ертең республиканың басым бөлігі жауын-шашынды болады

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады, жел күшейеді, жекелеген аудандарда найзағай жарқылдайды деп күтілуде. Тек республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Ертең республиканың басым бөлігі жауын-шашынды болады

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Қостанай облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, түнде және таңертең кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, түнде және таңертең тұман түседі.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кей жерлерде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы қадағаланады. Гидрологиялық тәртіпте Қазақстанның қалған сулы нысандарында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.