20:06, 12 Қазан 2013 | GMT +5
Ертең республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Ертең республиканның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Тек республиканың шығыс бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады деп күтілуде, жел күшейеді, жекелеген аудандарда түнде және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Маңғыстау, Жамбыл, күндіз Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Ақмола, Қостанай облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Атырау облысында кей жерлерде тұман болады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, жолдарда көктайғақ болады.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысының кей жерлерінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жуырдағы 4 күн бойы республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысының таулы өзендерінде су деңгейі тұрақсыз болады деп күтілуде.