Ертең республиканың батысында боран, солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында тұман түседі деп болжануда

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Ертең республиканың батысында боран, солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында тұман түседі деп болжануда.
None
None

Бұл ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлап отыр.

Ведомствоның атап өтуінше, республиканың басым аумағының ауа райына антициклон әсері ықпал етпек. Тек Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысы ғана атмосфералық ағындардың ықпалында болып, қар, тұман, көктайғақ болады және жел тұратыны болжануда.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында оңтүстік шығыстан жылдамдығы секундына 18-23 метрге жететін жел соғады.

Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсетіндігі болжануда.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда облысының да кей өңірінде тұман, көктайғақ болып, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау облысында боран, көктайғақ және жылдамдығы секундына 18 метрге жететін жел соғады деп күтілуде. Ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының да кей жерлерінде боран тұрып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Таяудағы үш тәулікте республиканың су айдындарында мұз қату жалғасады. Дегенмен, бірқатар өзендердің арналарында мұз кептелісі салдарынан судың деңгейі көтерілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар