Ертең республиканың бірқатар аймақтарында тұман түседі - Қазгидромет
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Ертең Қазақстанның батыс бөлігінде антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Ал республиканың шығыс бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді.
Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасындатып, көктайғақ болады, жел 17-22 м/с-ке күшейеді, ал екпіні 25 м/с болады. Қарағанды облысының бірқатар аймақтарында аздап бұрқасындатып, жел 17-22 м/с-ке күшейеді, түнде және таңертең жекелеген аудандарда тұман түседі деп күтілуде.
Жамбыл облысында, түнде Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, көктайғақ болады, жекелеген аудандарда екпіні 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, жекелеген аудандарда жел екпіні 15-20 м/с-ке ұлғаяды. Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлерде аздаған бұрқасын соғып, жел 15-22 м/с-ке күшейеді. Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Атырау облысында кей жерлерде жел 15-22 м/с-ке күшеюі мүмкін. Қызылорда облысының жекелеген аудандарда тұман түседі деп күтілуде.