Ертең республиканың бірқатар аймақтарында тұман түсіп, жел күшейеді - Қазгидромет

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Ертең Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тұман түседі. Республиканың батысында кей жерлерде жаңбыр жауады, тұман түседі, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде, күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-ке күшеймек. Атырау облысының да бірқатар жерлеріне тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы мүмкін.

Жақын тәуліктерде Сырдария өзенінде Шардара су қоймасына ағып келетін су бірте-бірте ұлғаяды деп күтілуде, Қызылорда облысы шеңберінде су деңгейінің төмендеуі жалғасады. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген өзендерінде мұз қалыптасу үрдісі өтеді. Республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысының көптеген өзендерінде су беті жылынуы мүмкін. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Соңғы жаңалықтар